Түркістанда «Жазғы демалыс – спортпен» атты ашық алаң ойындары жалғасуда

Түркістан қаласында дәстүрлі түрде өткізілетін «Жазғы демалыс – спортпен» атты ашық алаң ойындары биыл да өз жалғасын тапты, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Іс-шараның басты мақсаты – қала тұрғындарының жазғы демалысын тиімді және салауатты өткізуіне мүмкіндік жасау, сондай-ақ ұлттық спорт түрлерін кеңінен насихаттап, халық арасында бұқаралық спортты дамыту.

Биылғы маусымның ашық алаң ойындарын қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев пен Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Кадырболат Мұсағалиев ашып берді.

Жарысқа 5 жастан 50 жасқа дейінгі түрлі жастағы қала тұрғындары қатыса алады. Биылғы ойындарға 200-ге жуық адам тартылып, спорт түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, қазақ күресі, асық ату, арқан тарту, тоғызқұмалақ, ләңгі тебу сынды ұлттық спорт түрлерімен қатар, заманауи белсенді ойындар да қатысушылар назарына ұсынылады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жарыстар бұқаралық спортқа деген қызығушылықты арттырып қана қоймай, әр жастағы тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстануға ынталандырады.

Ұқсас жаңалықтар

1 сәуірден бастап Шымкенттегі кезекші ХҚКО-лардың мекенжайлары өзгерді

Альфия Адамбек

«ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ЖОБАСЫ ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНДЕ БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА ҚАБЫЛДАНДЫ

ТҮРКІСТАН: «КЕҢ ДАЛА» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ЖОБАЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖҮРІП ЖАТЫР

Пікір жазу