Шымкент: Азаматтарды қабылдауда көтерілген мәселелер бақылауға алынды

Шымкент қаласының әкімі тұрғындарды жеке қабылдауын өткізді. Кездесуге келген 25 азамат денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жер қатынастары және абаттандыру салаларына қатысты мәселелерін ортаға салды.

Қабылдау барысында көпқабатты үйлердің аулаларын абаттандыру, көшелерді жарықтандыру және көгалдандыру жұмыстары басты назарда болды. Қала басшысы әрбір ұсыныс пен өтінішке жеке тоқталып, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Әкімдік барлық көтерілген мәселелерді бақылауға алып, олардың шешілу барысы туралы тұрғындарға кері байланыс берілетінін мәлімдеді.

Ұқсас жаңалықтар

Мақтааралда «Египетке жұмысқа орналастырамын» деп алдап, миллион теңге жымқырған күдікті ұсталды

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН: АҚЫНЫН ҚҰРМЕТТЕГЕН ӘКІМ

Арыста спорт шебері Еребаев Телғозы Ағабекұлын еске алуға арналған Республикалық турнир басталды

Пікір жазу