Түркістан облысында ер адам сарайында есірткі жасырып ұстағаны анықталды

Түркістан облысының Бәйдібек ауданында есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен 49 жастағы жергілікті тұрғын қолға түсті. Оны аудандық полицияның жедел уәкілдері арнайы операция барысында ұстаған.

Тәртіп сақшылары күдіктінің үйіне тінту жүргізіп, сарай ішінен бірнеше ыдысқа салынған және газетке оралған өсімдік тектес күмәнді заттарды анықтады. Сараптама қорытындысы бұл заттардың марихуана мен сора өсімдігі екенін растады. Барлығы 20 грамға жуық кептірілген есірткі тәркіленген.

Қазір күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ӨЗБЕК ЭТНО-МӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІНІҢ ЖҰМЫСЫ ЖҮЙЕЛІ

Redaktor Arysinfo

Өңір жаңалығы: Жетісайдағы арық-атыздар мен коллекторлардың жағдайына талдау жасалды

Түркістан: Ордабасыдағы ауқымды сенбілікке 200-ге жуық адам атсалысты