Тоқаев Моңғолиядағы елшіні ауыстырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар елге жаңа елшілерді тағайындау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл жолы кадрлық ауыс-түйіс Моңғолия, Швеция және Шри-Ланка елдеріндегі дипломатиялық өкілдіктерге қатысты болды.

Моңғолиядағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен Ғабит Қойшыбаев босатылып, орнына тәжірибелі дипломат Алмас Сейтақынов тағайындалды. Сыртқы саясаттағы қызмет жолы мен кәсіби біліктілігімен танылған Сейтақынов енді екіжақты қарым-қатынасты дамытуда жаңа серпін беруге ниетті.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДАҒЫ БАЗАРЛАРДА ҚАУІПСІЗДІК ПЕН САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР КҮШЕЙТІЛДІ

Арыс қаласының сәулеттік келбетін жақсарту – күн тәртібіндегі басты мәселе

berdaly_oraz

Ордабасы ауданында 3 ауылға табиғи газ берілді