Түркістанда діни радикализмнің алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Түркістанда діни радикализмнің алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді,-деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Түркістан облысының Дін істері басқармасына қарасты “Дін мәселелерін зерттеу орталығы” КММ-нің дінтанушы маманы Асхат Дүйсен Түркістан қаласында «Діни радикализмнің алдын алу жолдары» тақырыбында бірқатар маңызды кездесулер өткізді.

Түсіндіру шаралары ҚР Түркістан облысы прокуратурасы, Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы және облыстық Қазынашылық департаменті ұжымдарымен ұйымдастырылды.

Кездесу барысында маман діни радикализмнің қоғамға төндіретін қауіптері, жалған діни ақпараттардың интернет арқылы таралуы, жат ағымдардың белгілері мен діни құқықтық сауаттылық тақырыптарын кеңінен түсіндірді.

Маман қатысушыларға мынадай маңызды кеңестер ұсынды:

  • Діни ақпараттарды тек ресми әрі сенімді дереккөздерден алу;
  • Әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі күмәнді топтардан сақ болу;
  • Діни мәселелер бойынша арнайы мамандарға жүгіну.

Бұл шаралар тұрғындардың діни сауаттылығын арттырып, радикалды идеологияларға қарсы иммунитет қалыптастыруға бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

Монтайтас ауылындағы жас көшеттер жайқалып келеді

berdaly_oraz

МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТҚА ӨТІНІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУ 21 МАМЫРДАН БАСТАЛАДЫ

berdaly_oraz

Қазақстандық әйел бір күнде алты баланың анасы атанды

Redaktor Arysinfo