Түркістан облысында тәртіп сақшылары кофе таратты

Елімізде ҚР ІІМ-нің тапсырмасымен 1 айға жоспарланған «Қауіпсіз жол» іс-шарасы өтуде, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Осы ретте Түркістан облысы Полиция департаменті Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері түрлі профилактикалық шаралар ұйымдастыруда.

Мәселен тәртіп сақшылары мемлекеттік маңызы бар «Алматы-Ташкент-Термез» тас жолында жүргізушілерді тоқтатып, оларға ерекше әсер ететін түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бұл жолы көлік жүргізушілеріне таратылған 100 дана жаднама да айрықша болды. Яғни жаднамадағы кюар арқылы Полиция департаментінің ресми парақшаларына бірден кіруге болады. Ондағы «Жол ережесін сақтаңыз!» тақырыбындағы ақпараттарды оқуға, бейнероликтерін көруге мүмкіндік бар.

Сондай-ақ жүргізушілерге полицейлермен дайындалған профилактикалық ролик арнайы үлкен экран арқылы көрсетілді. Одан бөлек жүргізушілерге кофе таратылды.

Өз кезегінде полицейлермен жүздесуден жылулық сезінген жүргізушілер өз алғыстарын жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

Украина президенті Ақ үйдегі кездесу туралы айтты

berdaly_oraz

Түркістанда ҚР Пара пауэрлифтинг федерациясының филиалын ашу мәселесі қаралды

berdaly_oraz

Шымкент полицейлері көрші елге жеткізуі керек затты сатып жіберген адамды тапты

Пікір жазу