«Ет өндірісінің алып жобасы: Түркістанда 10 мың басқа арналған бордақылау кешені бой көтеруде»

Түркістан облысының Сайрам ауданында ірі қара малды бордақылауға арналған заманауи өндірістік кешеннің құрылысы басталды. Ауқымды инвестициялық жоба өңірдің агроөнеркәсіп саласын дамытуға бағытталған.

Жоба аясында бір мезетте 10 мың басқа дейін ірі қара малды ұстап, бордақылауға мүмкіндік беретін жоғары технологиялы кешен салынбақ. Кәсіпорын толық іске қосылғаннан кейін жылына 20 мың тоннаға дейін ет өндіру жоспарланып отыр.

Кешен тек мал бордақылаумен шектелмей, заманауи мал сою алаңымен де жабдықталады. Өндірілген өнім ішкі нарыққа бағытталып қана қоймай, экспортқа да шығарылмақ.

Инвестиция көлемі шамамен 3,5 млрд теңгені құрайды. Жобаны жүзеге асырып жатқан инвестор – “BEK-AGRO” шаруашылығы.

Мамандардың айтуынша, бұл жоба өңірдегі ет өндірісін жаңа деңгейге көтеріп, ауыл шаруашылығына қосымша серпін береді. Сонымен қатар жаңа жұмыс орындары ашылып, жергілікті экономиканың дамуына ықпал етпек.

Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары жүріп жатыр. Нысанды толық аяқтап, іске қосу 2027 жылға жоспарланған.

Сарапшылар бұл жобаны Түркістан облысын еліміздегі ет экспортының маңызды орталықтарының біріне айналдыратын бастама ретінде бағалап отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Арыс қаласында автобустар Қадыр түніне орай тегін қызмет көрсетеді

berdaly_oraz

Түркістан облысы экономикалық өсім бойынша республикада 1 орынға шықты

«Xinjiang Lihua» Қазақстандағы инвестициясын 600 млн долларға дейін арттырмақ

berdaly_oraz