Астанаға Абу-Дабидің Тақ мұрагері ресми сапармен келді

Астанаға Абу-Дабидің Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл-Нахаян ресми сапармен келді. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сапар аясында Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы стратегиялық әріптестікті тереңдету мәселелері жоғары деңгейде талқыланбақ. БАӘ – Қазақстанның араб әлеміндегі басты сауда-экономикалық серіктестерінің бірі.

Тараптар тауар айналымын 1 миллиард АҚШ долларына дейін ұлғайту бойынша бірлескен қадамдар жасап келеді. Сапар екіжақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығаруға серпін береді деп күтілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Әкімшілік істегі жазбаша іс жүргізу

Redaktor Arysinfo

Шымкентте мәдениет және өнер университеті ашылады

Нұралхан Көшеров Сайрам ауданына жұмыс сапарымен барды