Қайтарымсыз грант әлеуметтік осал топтардың, бизнес-
идеяларын жүзеге асыруға қаралған.
Business.enbek.kz порталында 2025 жылы 21 мамырдан бастап жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттар алуға өтінімдер қабылдау жүзеге асырылады.
Гранттар қайтарымсыз негізде — нысаналы мақсаты жаңа бизнесті бастау жане дамыту болып табылады.
Гранттың мөлшері 400 АЕК-ті (1 572 800 теңге) құрайды. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады.
Өтінім беру үшін алдымен порталға тіркеліп, грант алу шарттарына сәйкестігінен тексеруден өтеді. Одан кейін бизнес-жоба үлгісін жүктеп, оны толтырып, порталға енгізеді. Өтініш нысанын толтырып, ЭЦҚ кілтімен кол койылады.
Интернетке немесе компьютерге колжетімділік болмаған жағдайда, Арыс қалалық мансап орталығының өзіне-өзі қызмет көрсету аймағында, Халыққа қызмет көрсету орталығында өтінім беруге болады.
Мемлекеттік грант алуға үміткер бола алады: тіркелген жұмыссыз және тіркеу мерзімі 3 жылдан аспаған жеке кәсіпкерлер.
Бұл ретте үміткер төмендегі әлеуметтік санаттардың бірінен болуы тиіс:
•енбекке қабілетті мүгедектігі бар адамдар;
•қолданыстагы «қандас» мәртебесі бар адамдар;
•өңіраралық қоныс аударушылар
• атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасы;
•көпбалалы отбасы мүшесі (жұбайы / зайыбы);
•мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адам (жұбайы / зайыбы);
•асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемакы алушылар.
Үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне окыгандығы туралы 3 жылдан аспайтын мерзімде берілген сертификаты болуы тиіс.
Рәсімдердін ашықтығын қамтамасыз ету үшін өтінімдерді қабылдау бірыңғай терезе — «Business.enbek.kz» порталы арқылы жүзеге
асырылады.
Қосымша ақпарат алу үшін Арыс қалалық мансап орталығына жүгіне аласыз.
Мекен-жайымыз: Арыс қаласы, Т.Тәжібаев к-сі №1.
Байланыс телефоны:
8 (725 40) 2-21-33
8-705-690-20-94