Арыста жұмысынан өз еркімен кеткен әйел сотта жеңіп, бұрынғы жұмыс орнынан 10 миллион теңге өндіріп алды

Түркістан облысының Арыс қаласында жеке кәсіпорында бас есепші болып жұмыс істеген әйел бірнеше жыл бұрын қызметінен өз еркімен кеткенімен, арада уақыт өткен соң бұрынғы жұмыс берушіні сотқа беріп, ірі көлемде қаражат өндіріп алды.Бұл туралы Аrysinfo.kz тілшісі хабарлайды.

Әйел 2021 жылы жергілікті серіктестіктердің біріне жұмысқа орналасып, бас есепші қызметін атқарған. Алайда, арада уақыт өте келе еңбек ақы мен заңды төлемдер уақытылы берілмегенін айтып, 2023 жылы жұмыстан шыққан. Қызметінен кеткеннен кейін ол еңбек заңнамасына сәйкес тиесілі қаражаттарды өндіру үшін сотқа жүгінеді.

Сотқа жолданған талап арызда: 5,4 миллион теңге көлеміндегі еңбекақы қарызы, 3,6 миллион теңге экологиялық өтемақы, 47 күндік пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін 1,8 миллион теңге, сондай-ақ жыл сайынғы сауықтыруға арналған 2,4 миллион теңге көлеміндегі төлем көрсетілген. Бұдан бөлек, зейнетақы жарналары мен міндетті медициналық сақтандыру аударымдары да талап етілген.

Арыс аудандық соты 2025 жылдың қаңтарында талапкердің уәжін орынды деп танып, жұмыс берушіден 10 миллион теңге өндіріп беруге шешім шығарған.

Ұқсас жаңалықтар

«Депутаттық сауалымның еш қатысы жоқ» Жигули Дайрабаев «Ауыл» партиясындағы қызметінен неге кеткенін мәлімдеді

berdaly_oraz

Қала әкімі Маңқараев ұстаздар мен оқушыларды,ата-аналарды білім күні мерекесімен құттықтады

berdaly_oraz

Түркістан облысында су соратын 24 заңсыз сорғы қондырғысы анықталды