АРЫСТА ҚАБЫЛСАЙ АРНАСЫ БОЙЫНДА ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Арыс қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өтті. Бұл жолғы тазалық шаралары қаланың ішкі аумағынан өтетін Қабылсай табиғи арнасының бойында ұйымдастырылды.

Сенбілікке қала әкімімен бірге жергілікті атқарушы орган қызметкерлері, мекеме ұжымдары, жастар ұйымдары мен еріктілер белсене қатысты. Жалпы ұзындығы 11,2 шақырымды құрайтын Қабылсай арнасы — көктем-күз мезгілінде еріген қар мен жауын-шашын суларын өткізетін маңызды табиғи су арналарының бірі. Сол себепті арна бойындағы санитарлық жағдайды жақсарту — тұрғындар қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғаудың негізгі бөлігі.

Сенбілік барысында арна табанынан тұрмыстық қалдықтар, ағаш бұтақтары мен басқа да қоқыстар тазартылып, арнайы техникамен шығарылды. Қала әкімі тұрғындарға алғыс айтып, табиғатты таза ұстауға, су арналарына қоқыс тастамауға және экологиялық жауапкершілік танытуға үндеді.

default

Бұл шара – «Таза Қазақстан» акциясы аясында жыл бойы жалғасатын кешенді экологиялық жұмыстардың бір бөлігі. Қала әкімдігі тұрғындарды экологиялық мәдениетті арттыруға және табиғи аумақтарды қорғауға шақырады.

Ұқсас жаңалықтар

Оңтүстік-Шығыс Азияда жойқын жер сілкінісі болды

berdaly_oraz

Түркістанның “Тұран” волейбол командасы үш дүркін ел чемпионы атанды

Облыс экономикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының оң динамикасы байқалды

Пікір жазу