Арыста соңғы қоңырау соғылды: Әкім түлектерге ақжол тіледі

Бүгін Арыс қаласының барлық білім беру мекемелерінде «Соңғы қоңырау» салтанатты шарасы өтті. Қала әкімі Қайсар Маңқараев М.Әуезов атындағы мектептің түлектерімен жүздесіп, өмірдің жаңа кезеңіне қадам басып жатқан жастарға ақ тілегін арнады.

– Сіздер тек Арыстың ғана емес, Тәуелсіз Қазақстанның мақтанышы болыңдар! – деді әкім өз сөзінде. Оның мәліметінше, биыл қала мен ауыл мектептерін 1249 оқушы тәмамдаса, олардың ішінде 64-і «Алтын белгіге», 159-ы «Үздік аттестатқа» үміткер.

Шараға мектеп ұжымы, оқушылар, ата-аналар мен ардақты қонақтар жиналды. Жиында үздік оқушылар мен ұстаздар қала әкімінің алғыс хаттарымен марапатталып, құрметке бөленді. Түлектер ұстаздарына арнаған әндерін шырқап, мектеппен қимастықпен қоштасты.

Бұл күн – жас түлектердің жадында мәңгі сақталатын ерекше сәтке айналды.

Ұқсас жаңалықтар

Алматы қаласының экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында әкімдік 2025-2027 жылдар аралығында бірқатар жаңа шараларды қолға алмақ

berdaly_oraz

Түркістан облысында агроөнеркәсіп жобаларының іске асу барысы басты назарда

berdaly_oraz

Республика күні қарсаңында Ақдала ауылында жаңа спорт кешені ашылды

berdaly_oraz