Түркістандағы қауіпсіздік мәселесі талқыланды: Терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өтті

дереккөз фото: Түркестан облысы әкімідігі

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров төрағалық еткен Терроризмге қарсы комиссияның кезекті мәжілісінде өңірдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Жиынға облыстық терроризмге қарсы комиссия мүшелері, құқық қорғау және арнайы органдардың басшылары, тиісті департамент жетекшілері, сондай-ақ аудан және қала әкімдері қатысты.

Отырыста терроризм мен экстремизмнің алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың барысы талқыланып, жауапты мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың есептері тыңдалды. Қатысушылар профилактикалық шаралардың тиімділігін арттыру, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту және мекемелер арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру мәселелеріне назар аударды.

Мәжіліс барысында өңірдегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау, қауіпсіздік тетіктерін жетілдіру және ықтимал қауіптердің алдын алу бойынша жүйелі жұмыстардың нәтижелері сараланды.

Жиын қорытындысында жауапты органдарға нақты тапсырмалар беріліп, Түркістан облысындағы қауіпсіздік пен қоғамдық келісімді нығайту бағытындағы жұмыстарды жалғастыру қажеттігі атап өтілді.

Ұқсас жаңалықтар

Арыста көктайғаққа қарсы жұмыстар күшейтілді

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАННЫҢ БЕРЕКЕЛІ ӨНІМДЕРІ АЛМАТЫҒА ЖОЛ ТАРТТЫ

Redaktor Arysinfo

Шымкент әкімінің орынбасарына оқ атқан күдіктіге 15 жылдан өмір бойына дейінгі жаза қарастырылған

berdaly_oraz