Арыстықтар «Өнерлі өлкенің» келесі кезеңінде бақ сынайды

Сенбі күні облыс орталығында орналасқан «Керуен сарай» кешенінде қазақ өнерін дәріптейтін «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі өтті, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Фестиваль аясында Созақ ауданы мен Арыс қаласынан келген өнерпаздар бірнеше кезең бойынша өнер көрсетті. Нәтижесінде қазылар алқасының шешімімен арыстық өнерпаздар келесі кезеңге жолдама жеңіп алды.

Жалпы қазақ ұлт аспаптар ансамблі мен дәстүрлі термелер, «Ақ әжелер» ансамблінің халық әндері, айтыскер ақындардың сөз сайысы, «Салт дәстүрім – қазынам» сахналық қойылымдары, эстрадалық әндер мен заманауи би нөмірлері, вокалды-аспаптық ансамбльдердің өнері және шетел классикасынан үзінділер бойынша бағаланады.

Айта кетейік, фестиваль мақсаты – дәстүрлі және заманауи өнерді насихаттау, ауыл өнерпаздарының шығармашылығына қолдау көрсету, сондай-ақ халықтық мәдени мұраны келер ұрпаққа жеткізу.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫ АУЫЛДЫҚ ЖЕРДЕ ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖОБА ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Маңғыстаулық делегация Түркістан облысының тәжірибесімен танысты

Әлеуметтік мәселелер ашық диалог алаңында қаралды

Пікір жазу