Түркістан: Кентауда балаларды қорғау күніне орай мерекелік шара өтті.

1 маусым — халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл күні кентаулық ерекше балалармен ата аналары үшін жоғары гуманитарлық-техникалық колледжде, «Кентау болашағы» қоғамдық бірлестігі мен қалалық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өтті.

Аталған шараға Кентау қаласы әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова, аналар кеңесінің белсенді мүшелері мен қонақтар қатысып, балаларға бірге шат-шадыман көңіл сыйлады.


Балаларға мерекені сезіндіру үшін ата-аналар таңсәріден перзенттерін колледж ғимаратына әкелуге асықты. Өйткені, бұл күн бүлдіршіндерге тек көңіл-күй сыйлап қана қоймай, тың ақпараттармен де қанықтырады. Сондай-ақ, ата-аналар мерекенің ерекше формата өткізілгенін де жеткізді.

Дәл осы күні болашақта адамгершілікке, әділдікке, баянды өмірге толы қоғам құру үшін оның негізі — балаларға барлық жағдай жасау керектігі тағы да паш етілді.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: Келестік жас түлек Еуропа елдеріне оқуға шақырту алды

Түркістан: Келес ауданында ауыз сумен қамту жұмыстары жанданды

4 Маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні

berdaly_oraz

Пікір жазу