Сарыағашта 180-ге жуық үй сапалы электр қуатымен қамтылады

Сарыағашта 180-ге жуық үй сапалы электр қуатымен қамтылады

Түркістан облысы Сарыағаш ауданына қарасты Әлімтау ауылдық округінде елді мекендерді сапалы электр қуатымен қамту жұмыстары жүріп жатыр. Көктал елді мекенінде 5 электр бағанасы орнатылып, 200 метрлік электр желісі жаңартылған. Нәтижесінде 17 тұрғын үй тұрақты және сапалы жарыққа қосылды.

Қазір Әлімтау елді мекенінде 8 бағананы ауыстыру және 350 метр электр желісін жаңарту жұмыстары жалғасуда. Бұл жұмыстар аяқталғаннан кейін 180-ге жуық үйге сапалы электр қуаты жеткізілмек. Ескірген ағаш бағаналар орнына бетон тіректер қойылуда.

Ұқсас жаңалықтар

Ертең «Тесік көпір» Арыс Сырдария жолы уақытша жабылады

berdaly_oraz

Түркістан облысында «Шағын өнеркәсіптік парк» жобасы қарқынды дамуда

berdaly_oraz

Түркістанда шегірткеге қарсы күрес күшейтіліп, өңірде жедел әрекет жоспары іске қосылды

berdaly_oraz