САЙРАМ АУДАНЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ МЕН ТАЗАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
2025 жылдың І-тоқсанына арналған мәжілісте Сайрам ауданының әкімі Арман Сабитов мемлекеттік қызмет көрсету мен ауылдық округтердегі санитарлық ахуалды басты назарға алды.
Аудан әкімінің аппараты ұйымдастыру-инспекторлық, ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімшесінің басшысы Сауытбек Жасұланның мәліметінше, биылғы үш айда ауданда 12 192 мемлекеттік қызмет көрсетілген, оның 73,6%-ы электронды форматта ұсынылған. Ең көп сұранысқа ие салалар: жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар, жер қатынастары және құрылыс, сәулет және қала құрылысы.
🔎 Мониторинг нәтижелері:
- Қызмет көрсету мерзімін бұзу;
- Жұмыс кестесінің сақталмауы;
- Құжаттардың толық болмауы;
- Бас тарту себептерін түсіндірмеу;
- Тыңдалым өткізбеу сынды олқылықтар анықталған.
Сонымен қатар, Жасұлан Мұхтарұлы ауылдық округтердің тазалық жағдайына жеке тоқталып, бірқатар елді мекендерде қоқыс шығару, көше тазалығы мен абаттандыру жұмыстарының кемшіліктері бар екенін атап өтті.
📌 Аудан әкімі тазалық пен мемлекеттік қызмет сапасына ерекше көңіл бөліп, барлық сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.