“Росатом” Қазақстандағы алғашқы АЭС-ті қашан салып бітіреді?

Қазақстанда бірінші АЭС құрылысы шамамен 2035-2036 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Агенттіктің баспасөз қызметі Қазақстандағы бірінші атом электр станциясын салудың болжамды мерзімі туралы сұраққа жауап берді.

«Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, атом электр станциясын жобалау, салудан бастап пайдалануға беруге 10-12 жыл кетеді. Осылайша құрылысты аяқтаудың болжамды мерзімі 2035-2036 жылдар деп жоспарланып отыр. «Росатом» мемлекеттік корпорациясы бұл жоспарға сәйкес екенін растайды», — делінген БАҚ сауалдарына жауап берген агенттік өкілдері.

Ұқсас жаңалықтар

ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАРЫ МЕН ЖЕҢІС АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАНДАҒЫ СТАДИОНДА 7 МЫҢ АДАМ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ

Redaktor Arysinfo

Балалар қауіпсіздігі – басты назарда

Redaktor Arysinfo