Тоқаев Түрікменстанға барып қайтты

Мемлекет басшысы Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен кездесті, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Қазақстан Президенті Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясына шақырғаны үшін Сердар Бердімұхамедовке алғыс айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев аталған іс-шара осы санатқа жататын елдердің жағдайына қатысты өзекті мәселелер туралы пікір алмасып, нақты шешімдер әзірлейтін маңызды алаң екеніне назар аударды.

Кездесу барысында сауда-экономика, энергетика, көлік-транзит салаларындағы серіктестікті нығайту мәселелері талқыланды.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы стратегиялық серіктестікті жан-жақты дамытуға бейіл екенін тағы да растады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: Ордабасылық Жәнібек Әбілхан ҰБТ-дан рекордтық 140 ұпай жинады

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАНДА АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ ИТТЕР КӨРМЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

berdaly_oraz

Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасына жаңа басшы тағайындалды

berdaly_oraz