Сорбұлақтағы тікұшақ апатына байланысты су қоймасының 50%-ы тексерілді

Сорбұлақтағы тікұшақ апатына байланысты су қоймасының 50%-ы тексерілді, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаевтың айтуынша, 25 шілдеде радардан жоғалған әскери тікұшақты іздеу кезінде Сорбұлақ су қоймасының жартысы зерттелді.

Жақын маңнан тікұшақтың бірнеше бөлшегі табылған. Қазір іздестіру жұмыстары таңнан кешке дейін жалғасып жатыр. Су қоймасының тереңдігі 5–25 метрге дейін жетеді, түбі батпақ, лайдан көріну мүмкіндігі төмен.

Іздеу жұмыстары Қорғаныс министрлігінің басшылығымен жүргізілуде. Ал ТЖМ тарапынан барлық қажетті күш-құралдар тартылған.

Еске салайық, 25 шілдеде Алматы облысында жоспарлы ұшу кезінде Әуе қорғанысы күштерінің EC-145 тікұшағы радардан жоғалып кеткен болатын.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 1 МАМЫР – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

berdaly_oraz

Шымкентте полицейді көліктің капотында сүйреген азамат жеті жылға сотталды

berdaly_oraz

Сарыағаш: жазғы сауықтыру орталығының жөндеу жұмыстары пысықталды

berdaly_oraz