ТҮРКІСТАНДА ОБЛЫСТЫҚ «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ – 2025» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістан қаласында «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті,-хабарлайды Arysinfo.kz тілшісі

Аталған байқау 12 жылдан бері республикалық деңгейде тұрақты түрде өткізіліп келеді. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, жеңімпаздарға құрмет көрсетті.

Жалпы конкурсқа 198 отбасы өтінім берген. Аудан, қалалық деңгейде ұйымдастырылған байқаудың алғашқы кезеңінде 27 отбасы жеңімпаз атанды. Ал, ақтық сында 3 үздік отбасы жүзден жүйрік шығып, «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық конкурсының облыстық кезеңінде топ жарды.

Конкурс қорытындысына сәйкес 1 млн. теңге қаржылай жүлдесімен I орын Молдабековтер отбасына (Сауран ауданы), ІI орын Ширимбаевтар отбасына (Түлкібас ауданы), III орын Рысбековтер отбасына (Келес ауданы) бұйырды.

Айта кетсек,  Түркістан облысы 500 мыңнан аса отбасы қоныстанған өңір ретінде демографиялық өсімі ең жоғары аймақ болып есептеледі.  187 мыңнан аса көпбалалы аналар көп.

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ «ЧЕРНОБЫЛЬ АРДАГЕРЛЕРІ ЖӘНЕ МҮГЕДЕКТЕРІ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНЕ ЖАҢА ТӨРАҒА САЙЛАНДЫ

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАН: ЗАҢ БҰЗҒАН 11 ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ КЕЛІСІМШАРТЫ МЕН ЛИЦЕНЗИЯСЫ ТОҚТАТЫЛДЫ

Redaktor Arysinfo

Вице-министр жұмыс сапарымен Түркістан облысына келді