Күні ертең Монтайтас ауылдық округінде жер және құрылыс мәселелері бойынша жиналыс өтеді

5 қыркүйек күні сағат 16:00-де Арыс қаласына қарасты Монтайтас ауылдық клубында қала әкімдігінің бірқатар бөлімдерінің мамандарының қатысуымен арнайы жиналыс ұйымдастырылады,-деп хабарлайды Арысинфо.кз тілшісі.

Жиынға сәулет және қала құрылысы бөлімі, ауыл шаруашылығы бөлімі, жер қатынастары бөлімі, сондай-ақ қалалық кірістер басқармасының өкілдері қатысып, ауыл тұрғындарының сауалдарына жауап береді.

Кездесуде төмендегідей мәселелер талқыланбақ:

  • ауыл шаруашылығы мақсатындағы тәлімі егістіктердің игерілуі;
  • жайылымдық жерлерге заңсыз салынған қора-қопсы құрылыстары;
  • игерілмей бос жатқан жерлердің жағдайы;
  • елді мекен ішінде өз бетінше салынған тұрғын үйлер;
  • қабылдау актісін алмаған тұрғын үйлер;
  • аукцион арқылы берілген, бірақ игерілмеген кәсіпкерлік нысандар;
  • құжатсыз жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік нысандар (дүкендер).

Қала әкімдігі тұрғындарды осы жиынға белсенді қатысуға шақырып, көтерілетін мәселелерге жауапкершілікпен қарауды сұрап отыр.

Жиналыс орны: Монтайтас ауылдық клубы
Уақыты: 2025 жылғы 5 қыркүйек, сағат 16:00

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда 2027 жылдан бастап балабақшалар лицензия бойынша жұмыс істейді

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН: ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Redaktor Arysinfo

Ауылдық жерлердегі медицина қызметкерлеріне 8,5 млн теңге ынталандыру төлемі беріледі

berdaly_oraz