ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР БИЫЛ 1300-ГЕ ЖУЫҚ МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Түркістан облысында спопт саласындағы жетістіктер көңіл марқайтады. 2025 жылдың 9 айында облыс спортшылары 1 248 медаль жеңіп алған. Атап айтқанда, Әлем чемпионаттарынан — 79, Азия чемпионаттарынан — 109, ел біріншіліктерінде — 1 060 медаль өңір спортшыларына бұйырды. Бұл туралы өткен брифингте Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров баяндады.

«Қазіргі таңда облыста  барлығы 911 мыңнан астам адамды тұрақты түрде спортпен шұғылданады. ын  құрап отыр. Сонымен қатар, Түркістан қаласында орналасқан ірі спорт нысандарында барлық жастағы тұрғындар үшін аптасына 1 рет тегін қызмет көрсету енгізіліп 2000-ға жуық қала тұрғындары тартылды. Атап айтқанда, Мұз сарайы кешені — дүйсенбі күні , теннис орталығы — сәрсенбі күні, орталық су спорт кешені — бейсенбі күні, «Turkistan-Arena» — сәрсенбі күні келушілерге тегін қызмет көрсетеді. Ел арасында бұқаралық спортты насихаттау мақсатында биыл облыс аумағында 3 273 спорттық іс-шара өткізіліп, оған 228 462 адам тартылды. Сондай-ақ, жыл соңына дейін Түркістан облысында 11 ірі спорттық шара өткізу жоспарланған. Атап айтқанда, «Turkistan Marathon», триатлоннан Азия кубогы, қазақ күресінен ересектер арасындағы Азия чемпионаты және қазақ даласының батыры Қ.Мұңайтпасовты еске алуға арналған қазақ күресінен Әлем кубогы өтетін болады»-деді сала басшысы.

Жалпы өңірде спортпен шұғылдануға жағдай жасау мақсатында 3 540 спорт нысаны қызмет көрсетеді. Аталған көрсеткішті жақсарту мақсатында 2025 жылы 65 млрд теңгеге 102 спорт нысанның құрылысын аяқтау жоспарланса, бүгінгі таңда 8 млрд теңгеге 40 нысан пайдалануға берілген.

Сонымен қатар, жуырда ғана Алматы облысындағы 4 жылда бір рет өтетін «Ақ бидай» ауыл спорт ойындарында облыс құрамасы 498 ұпай жинап, жалпыкомандалық есепте 1-орынға ие болды. Айта кетерлігі, Түркістан облыс болып құрылғалы бері өңіріміз қатарынан 2 рет жеңімпаз атанған.

 

Ұқсас жаңалықтар

Отырар ауданында абаттандыру мен инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары күшейтілді

berdaly_oraz

Арыс қаласында сенбілік өтті: Таза ортаны бірге қалыптастырамыз

berdaly_oraz

Шымкентте салмағы 1 келіге жетпейтін шақалаққа күрделі жүрек операциясы сәтті жасалды

berdaly_oraz