Түркістандық Бекзат «Мың бала» республикалық жобасында өнер көрсетті

Түркістандық Бекзат «Мың бала» республикалық жобасында өнер көрсетті

Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының дәстүрлі «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шарада талантты жастарға марапатты Ассамблея Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов табыс етті.

Бұл жобада Түркістан облысының намысын 15 жастағы Бахадир Бекзат Дильшадұлы қорғап, республиканың түкпір-түкпірінен келген үздік жас өнерпаздармен бірге сахнаға шықты. Ол өзінің орындаушылық шеберлігімен көрермен ықыласына бөленіп, ерекше әсер қалдырды.

«Бұл мен үшін үлкен тәжірибе мен шабыт сыйлаған жоба болды. Ел мәдениеті мен бірлігінің қадірін тағы бір сезіндім. Маған сенім артқан ұстаздарыма, ата-анама және мектебіме алғыс білдіремін. Алдағы уақытта да еңбектеніп, жаңа белестерді бағындыруға ниеттімін», – деді жас өнерпаз.

Фестиваль жас дарындардың өнерін ұлықтап қана қоймай, ел бірлігі мен достықтың символына айналды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан мен Түркия президенттері Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектептің ашылуына қатысты

berdaly_oraz

Ордабасыда жылына 30 мың тонна алюминий өнімдерін өндіретін зауыт салынуда

Арыста жаңа оңалту бөлімшесі ашылды

Redaktor Arysinfo