Қазақстан экономикасы жай өсу сатысынан сапалы даму рельсіне ауысты

Қазан айындағы оң нәтижелер ел экономикасының өсуі бір реттік серпіндерге емес, құрылымдық өзгерістерге негізделгенін көрсетті. Өңдеу саласының кеңеюі, өңірлердің дамуы, экспорт пен өндіріс базасының әртараптанудың барлығы ұзақмерзімді тұрақтылықтың негізін қалайды.

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2025 жылғы 10 айда елдің ішкі жалпы өнімі 6,4% өсім көрсетті. Бұл тоғыз айдағы көрсеткіштен 0,1 пайызға жоғары.

Өсімнің басты драйверлері қатарында құрылыс, сауда, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы бар. Олардың барлығында дерлік өңірлік деңгейде оң динамика сақталуда.

Маңыздысы нарықта қызып кету белгілері байқалмады. Өсу сапамен және өндіріс құрылымының жақсаруы­мен қатар жүруде. Бұл макроэкономикалық тепе-теңдіктің сақталғанын көрсетеді.

Ұқсас жаңалықтар

АРЫСТА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТЫ ҰЛЫҚТАҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Redaktor Arysinfo

2025 жылғы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына конкурстық өтінімдерді қабылдау басталды

Альфия Адамбек

ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТАРЫН САЙЛАУ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНА ДЕГЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК

Redaktor Arysinfo