ТҮРКІСТАН: РУХАНИЯТ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев «Qazaqstan dauiri» газетінің бас директоры Сәуле Мешітбайқызын қабылдап, руханият саласындағы өзекті мәселелерді талқылады. Кездесу барысында Президент Жолдауындағы жасанды интеллектті енгізу, ұлттық тәрбиені күшейту, отбасы құндылықтарын насихаттау, ұрпақ тәрбиесіне көңіл бөлу, мәдениет пен білім саласындағы реформалар, балаларды патриоттыққа тәрбиелеу тақырыптары қаралды.

Сәуле Мешітбайқызы республикалық экспедиция жоспарын бөлісіп, халық арасында Жолдауды түсіндіру, бала тәрбиесіне қоғам болып назар аудару, балаларды мейірімділік пен бауырмалдыққа тәрбиелеу қажеттілігін айтты.

Жиын соңында Ертай Алтаев ұлттық құндылықтарды дәріптейтін жобаларға облыс әкімдігі тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді. Экспедиция Түркістан облысында жалғасын тауып, өңірлерде цифрлық трансформация және ақпараттандыру жұмыстарына басымдық берілетін болады.

Ұқсас жаңалықтар

Қоныс – көшу емес, келешекке сенімді қадам!

berdaly_oraz

Арыста Жеңіс рухы жаңғырып, тарихқа тағзым жасалды

berdaly_oraz

Түркістан облысында жантүршігерлік қылмыс болды