АРЫС ҚАЛАСЫНДА 2025 ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІКТЕРІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Арыс қаласында жыл соңында атқарылған жұмыстарды саралап, түрлі салада үздік нәтиже көрсеткен азаматтарды марапаттау дәстүрге айналған. Осы игі үрдіс аясында қалалық Мәдениет үйінде «Жыл үздігі – 2025» атты салтанатты марапаттау рәсімі ұйымдастырылды.

Мерекелік жиында еңбек жолында табандылық танытып, өз саласының дамуына үлес қосқан азаматтарға ерекше құрмет көрсетілді. Қала әкімі Қайсар Маңқараев пен қалалық мәслихат төрағасы Қайрат Ахметов жыл қорытындысы бойынша қаланың әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне сүбелі үлес қосқан мамандарды арнайы аталымдармен марапаттап, қала әкімінің және мәслихаттың дипломдарын табыстады.

Марапат иелері қатарында теміржол, ауыл шаруашылығы, коммуналдық қызмет, денсаулық сақтау, білім беру, энергетика саласының үздіктері, сондай-ақ кәсіпкерлік пен демеушілік бағытында белсенділік танытқан азаматтар бар. Әр номинация иесінің еңбегі көпшілік алдында жоғары бағаланды.

Сонымен бірге түрлі салада табысқа жетіп, қоғамдық өмірде белсенділік танытқан жастар да назардан тыс қалмай, арнайы марапаттарға ие болды.

Іс-шара барысында қоғам игілігі жолында адал қызмет етіп жүрген еңбек адамдарының еңбегі қашанда құрметке лайық екені атап өтілді. Салтанатты кеш қалалық Мәдениет үйінің өнерпаздары әзірлеген концерттік бағдарламамен жалғасып, көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлады.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов есін жиды – ота 4 сағатқа созылды

berdaly_oraz

Түркістан: Ерекше қажеттілігі бар жандарға мемлекеттік қолдау тұрақты көрсетілуде

Шардарада полицейлер браконьерлерді ұстады

berdaly_oraz