ҚАЗЫҒҰРТТА ГАЗ ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Сурет: Қазығұрт ауд әкімдігі

Қазығұрт ауданында газ баллондарын пайдаланатын нысандардағы қауіпсіздік талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында арнайы профилактикалық іс-шаралар өткізілді. Тексеру жұмыстары аудан әкімдігінің тұрғын үй және газ инспекциясы бөлімінің бастамасымен ұйымдастырылды.

Бақылау барысында қоғамдық тамақтану орындары, сауда және қызмет көрсету нысандары, сондай-ақ газ баллоны қолданылатын басқа да коммерциялық мекемелер қамтылды. Тексеру кезінде газ баллондары мен газ жабдықтарының техникалық жай-күйі, олардың орнатылуы мен пайдаланылуы қолданыстағы қауіпсіздік нормаларына сәйкестігі тұрғысынан қаралды.

Сонымен бірге мекеме иелері мен жауапты қызметкерлерге газды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, ықтимал қауіп-қатерлердің алдын алу бойынша нақты нұсқаулықтар берілді. Қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттігі жөнінде ескерту парақшалары таратылды.

Аталған іс-шаралардың басты мақсаты – тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғау, төтенше жағдайлардың алдын алу және газ баллондарын пайдалану кезінде қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету.

Бұл бағыттағы бақылау жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табатын болады.

Ұқсас жаңалықтар

Президент Шымкенттегі «Тассай» индустриалды аймағында болды

berdaly_oraz

Шымкентте мұнара кранынан өрт шығып, жұмысшыны күйік шалды

«Таза Қазақстан»: Төлебиде тазалыққа қатысты жұмыстар күшейтілуде