ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ҮЙІРГЕЛІК ЖЕРЛЕРДІ ПАЙДАЛАНУ ҚАРҚЫН АЛДЫ

Сурет:Түркістан обл әкімдігі

Түркістан облысында ауыл шаруашылығын дамыту, әсіресе үйіргелік жерлерді тиімді игеру жұмыстары күшейтілуде. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов ауылдық округтерді аралап, қырыққабат көшеттерін өндіру және құлпынай өсірумен айналысатын жылыжай шаруашылықтарының жұмысымен танысты.

Аудандағы 79 мың гектардан астам егістік жердің 3 мың гектардан астамы үйіргелік жерлерге тиесілі. Оның басым бөлігі өнім өндіруге пайдаланылып, қырыққабат, құлпынай, таңқурай және қарақат сияқты дақылдар өсірілуде. Бұл өнімдер жергілікті нарыққа шығарылып, тұрғындарды қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз етуге және ауыл халқының табысын арттыруға мүмкіндік беріп отыр.

Аудан әкімі шаруалармен кездесу барысында үйіргелік жерлер – ауыл экономикасының маңызды тірегі екенін атап өтті. Ол «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие қарастырылғанын еске салып, жылыжай шаруашылығын дамыту мен көшет өндіруді ұлғайту бойынша сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктеді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында ҰОС ардегерлеріне 5 млн теңгеден беріледі

Альфия Адамбек

ТҮРКІСТАНДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ НЕГІЗІНДЕ ЖАСАЛҒАН «ТҮРКІСТАН САҚШЫЛАРЫ» МУЛЬТФИЛЬМІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Redaktor Arysinfo

Түркістан облысының жастары қоқыс сұрыптайтын жәшіктер орнатты

admin_arysinfo