Арыс қалалық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік сайлау күніне орай қаладағы гумманитарлы – техникалық колледждің кітапхана ғимаратында «Мен және менің таңдауым» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Маханов, қалалық мәслихат төрағасы Қ. Ахметов, «АМАNАТ» партиясы Арыс қалалық филиалының төрағасы, қалалық мәслихат депутаты Б.Ділдәбеков, аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері, колледж ұжымы мен студенттері қатысты.

Кездесуді аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Маханов ашып, жүргізіп отырды. Іс-шараның негізгі мақсаты – қатысушыларға сайлаудың маңыздылығын түсіндіру, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру және ел болашағына бейжай қарамайтын белсенді тұлға тәрбиелеу. Шара барысында оқушыларға сайлау тарихы, дауыс беру тәртібі, бойынша сұрақтар қарастырылды. Сонымен қатар, сайлаудың қоғамдағы рөлі, әділдік пен ашықтық қағидаты түсіндірілді. Кездесуге қатысушылар тақырып аясында өз ойларын еркін жеткізіп, белсенділік танытты. Кездесу соңы сұрақ – жауаптарға ұласты.
