Түркістан қаласында ардагерлер мен зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен маңызды кездесу өтті. Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы ел ағаларымен жүздесіп, шаһардың даму жоспары мен жүзеге асып жатқан жобалар туралы баяндады.
Кездесуде қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымды жетілдіру және тұрғындарды толғандырған өзекті мәселелер талқыланды. Ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, Түркістанның келешегіне қатысты ойларын жеткізді.
Қала әкімі ақсақалдардың өмірлік тәжірибесі мен ақыл-кеңесі өңірдің өркендеуінде маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, көтерілген барлық ұсыныстар назарға алынатынын мәлімдеді.
