АРЫСТА 10 ТӨСЕКТІК ЗАМАНАУИ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Арыс қаласында орталық аурухана базасында 10 төсектік заманауи оңалту (реабилитация) орталығы іске қосылады. Қала әкімі Қайсар Маңқараев нысанның дайындық барысымен танысып, жабдықталу деңгейін тексерді. Бұл жоба өткен жылғы есептік кездесулерде тұрғындар тарапынан көтерілген ең өзекті мәселелердің бірі болатын. Әсіресе жүйке жүйесі мен тірек-қимыл аппараты зақымданған науқастарды жергілікті жерде оңалту қажеттігі жиі айтылған.

Бүгінде орталық заманауи медициналық құрылғылармен қамтылып, пациенттерді қабылдауға соңғы дайындық кезеңінде тұр. Мұнда реабилитолог-дәрігерлер, емдік дене шынықтыру (ЛФК) нұсқаушылары мен массаж мамандары қызмет көрсетеді. Қала басшысы бұл бастама «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында жүзеге асқанын атап өтті. Жаңа бөлімше алысқа бармай-ақ, жергілікті тұрғындарға кешенді оңалту қызметін алуға мүмкіндік беріп, медициналық көмектің қолжетімділігін арттырмақ. Орталық жақын күндері алғашқы пациенттерін қабылдайды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: Ордабасыда «БАҚ жұлдыздары» өнер байқауы өтті

Түркістан облысының әкімі әлем чемпионы мен жүлдегерін марапаттап, көлік сыйлады

berdaly_oraz

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов есін жиды – ота 4 сағатқа созылды

berdaly_oraz