№15 Арыс сайлау округі бойынша Түркістан облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат ҚОСМАМБЕТОВ СЕРЖАН НҰРЖАНҰЛЫ

 ҮМІТКЕРДІҢ ҒҰМЫРНАМАСЫ

Қосмамбетов Сержан Нұржанұлы 1999 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласында  дүниеге келген. 2016 жылы Астана қаласында  орналасқан қазақ-түрік лицейін үздік бітіріп, осы жылы Мәскеу қаласындағы Ресей халықтар достығы университетінің гуманитарлық және әлеуметтік  ғылымдар факультетіне «Халықаралық қатынастар» бағыты бойынша күндізгі оқу бөліміне түсіп, 2020 жылы халықаралық қатынастар мамандығын алып шықты. Оқу жылдарында бірнеше халықаралық  жобаларға қатысып, Грузия елінде өткен байқауда бірінші орынды жеңіп алған. Сол  жылдары Мәскеу қаласындағы «Жерлестер» қоғамының президенті болды, ағылшын және түрік, орыс тілдерін  еркін меңгерген.

       Еңбек жолын 2021 жылдан бастап, қазіргі уақытқа дейін «Юг-строй инвест» ЖШС-де инновация және даму жөніндегі директордың  орынбасары болып жұмыс істеп келеді. Кәсіпорын Түркістан облысы Арыс қаласында орналасқан. Компания  көп қабатты  тұрғын үйлер салумен айналысады.

       Отбасылық жағдайы — бойдақ.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ:

Арыс қаласы менің туып өскен атамекенім. Ол Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына және инфроқұрылымында өзіндік орны бар елді мекен.

Бағдарламаның негізгі мақсаты қала және ауыл тұрғындарының күнделікті өміріне тікелей әсер ететін мәселелерге ерекше назар аударып, өңірдің әлеуметтік экономикалық дамуына ықпал ету. Бюджет қаражатының тиімді әрі ашық жұмсалуын бақылау, халықтың өмір сүру санасын арттыруға бағытталған шешімдер қабылдауға белсене қатысу және қала, ауыл тұрғындарының өтініш ұсыныстарын мәслихат деңгейінде жүйелі түрде көтеру.

Бағдарлама аясында төмендегі негізгі міндеттерге басымдық беріледі:

Қала және ауыл тұрғындарының күнделікті өміріне тікелей әсер ететін мәселелерге ерекше назар аудара отырып.

Қала және ауылдық елді мекендердегі жол, ауызсу, газ, коммуналдық инфрақұрылым және интернет мәселелерін жүйелі қарастыру.

Білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы қызмет сапасын арттыруға ықпал ету.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау мәселелерін көтеру.

Жастардың мамандық таңдауына кәсіптік білім алуына, тұрақты жұмыспен қамтылуына және қоғамдық өмірге белсене қатысуына қолдау көрсету.

Әлеуметтік осал топтағы азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған ұсыныстар енгізу.

Қала және ауылдық елді мекендердің санитарлық тазалығын, экологиялық жағдайын және абаттандырылуын  жақсарту.

Жергілікті бюджет қаражатының тиімді әрі ашық жұмсалуын бақылауға қатысу.

Тұрғындардың өтініштері бойынша қабылданған шешімдердің орындалуын бақылау.

Қала және ауыл тұрғындарымен тұрақты кері байланыс орнату.

Депутаттық қызметтің нәтижелері туралы жүйелі есеп беру.

Арыс қаласы мен ауылдық округтердің дамуы тұрғындардың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін ортақ міндет. Әрбір бағыт бойынша нақты мәселе, жауапты орган, ықтимал қаржыландыру көзі, іске асыру мерзімі және нәтижесін бағалау көрсеткіші айқындалуы қажет. Бағдарламаның негізгі қағидаты —  ашық жұмыс, нақты жұмыс және халық алдындағы жауапкершілік.

Арыс қаласы мен ауылдық округтердің дамуы тұрғындардың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін ортақ міндет. Әрбір бағыт бойынша нақты мәселе, жауапты орган, ықтимал қаржыландыру көзі, іске асыру мерзімі және нәтижесін бағалау көрсеткіші айқындалуы қажет. Бағдарламаның негізгі қағидаты —  ашық жұмыс, нақты  жұмыс  және  халық  алдындағы  жауапкершілік.

Жарияланым ақысы үміткердің республикалық сайлау бюджетінен төленді. 

 

Ұқсас жаңалықтар

Алаяқтардың жаңа айласы: Күштік құрылым басшыларының атын жамылып жүр

Redaktor Arysinfo

Министр Ғани Бейсембаев Түркістанда бірқатар білім мекемесін аралады

Альфия Адамбек

ТҮРКІСТАНДА МЕГА ФЕРМА ІСКЕ ҚОСЫЛУДА