Ақжан – Астананың жаңа символы

Сурет: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атқорасындағы Ақжан есімді қылаңбоз Ақалтеке байталы көпшіліктің назарын аударып, Астананың бейресми символына айналып келеді. Сирек кездесетін түсімен ерекшеленетін Ақжан 2025 жылдың 30 наурызында туған және әлеуметтік желілерде кеңінен танымал болды.

Мамандардың айтуынша, әлемдегі ірі қалалардың өзіндік бейресми символдары болады. Урбанистер Ақжан бейнесі қала тұрғындарын тарихпен, дәстүрмен және ортақ құндылықтармен байланыстыратын ерекше мәдени нышанға айналуы мүмкін екенін айтады.

Ақжан тек әсем жылқы ғана емес, тазалықтың, жауапкершіліктің және қазақтың жылқыға деген ерекше құрметінің символы ретінде бағалануда. Оның бейнесі өткен мен бүгінді жалғап, ұлттық рух пен заманауи Қазақстанның келбетін қатар танытады.

Ұқсас жаңалықтар

ТУРКЕСТАН: СОВЕТНИК ПРЕЗИДЕНТА МАЛИК ОТАРБАЕВ ВСТРЕТИЛСЯ С ЖИТЕЛЯМИ ОРДАБАСИНСКОГО РАЙОНА

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ЖАҢА ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

berdaly_oraz

Құрылыс саласындағы нормаларды сақтамау ірі көлемдегі айыппұл төлеуге соқтырады