АРЫСТЫҚ ЖАС САЯТШЫ АЗИЯ КУБОГІНДЕ ТОП ЖАРДЫ!

Арыстық жас құсбегі Махмұтхан Заки «Шығыс салбурын – 2026» І Азия кубогінде жеңімпаз атанып, алтын жүлдені иеленді. Бұл – ұлттық өнерді ұлықтап жүрген жас саятшының үлкен жетістігі.

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Бозанбай ауылында өткен мәдени-этноспорттық фестивальге 10 мемлекеттің құсбегілері қатысты. Екі күнге созылған дүбірлі додада қатысушылар ұлттық спорт түрлерінен бақ сынап, өз шеберліктерін көрсетті. Фестиваль аясында жігіттер асау үйретіп, саятшылар қыран құстарын баптау мен аңға салу өнерін паш етті.

Жарыста «Арыс» спорт клубының саятшылық бөлімінің жаттықтырушысы, белгілі құсбегі Мәди Қалходжаевтың шәкірті Махмұтхан Заки ерекше көзге түсті. Ол «Текелі» лақап атымен танылған қаршығасымен қарсыластарынан озып, І Азия кубогінің жеңімпазы атанды.

Жас саятшының бұл жеңісі – ұлттық мұрамызды дәріптеп, құсбегілік өнердің дамуына үлес қосып жүрген жастардың жетістігі.

Махмұтхан Закиді айтулы жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, Арыс қаласының мерейін асыра беруіне тілектеспіз!

Ұқсас жаңалықтар

TikTok жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жаңа функцияларды іске қосады

berdaly_oraz

Денсаулық сақтау министрі Түркістан облысында медициналық мекемелердің жұмысымен танысты

ТҮРКІСТАНДА САММИТ ҚАРСАҢЫНДА УАҚЫТША ҚОЗҒАЛЫС ШЕКТЕУЛЕРІ ЕНГІЗІЛЕДІ

berdaly_oraz