Бәйдібек ауданында жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түнгі рейдтік іс-шара өткізілді.
Бәйдібек аудандық Жастар ресурстық орталығының инспекторы мен аудандық полиция бөлімінің қызметкері бірлесіп, Ақбастау ауылдық округінде профилактикалық жұмыстар жүргізді. Рейд сағат 23:00-ге дейін жалғасып, қоғамдық тәртіпті сақтау мен жасөспірімдердің қауіпсіздігіне басымдық берілді.
Іс-шара барысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз көшелерде және қоғамдық орындарда жүруінің алдын алуға назар аударылды. Сонымен қатар жастарға құқықтық сауаттылық, жеке қауіпсіздік, нашақорлықтың зияны және салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы түсіндірілді.
Мұндай профилактикалық рейдтер жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға, жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қоғамдық тәртіпті нығайтуға бағытталған.
Басты мақсат – жастарды жазалау емес, құқық бұзушылықтың алдын алып, олардың қауіпсіз болашағына жағдай жасау.
