Түркістан облысында отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы профилактикалық шаралар жалғасуда.
Сайрам ауданында учаскелік полиция инспекторлары прокуратура қызметкерлерімен бірлесіп, «Қауіпсіз үй» іс-шарасын өткізді. Профилактикалық жұмыс барысында қорғау нұсқамасы шығарылған 12 азаматтың және мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленген 17 құқық бұзушының тұрғылықты мекенжайы тексерілді.
Мамандар тұрғындарға заң талаптарын түсіндіріп, отбасындағы жанжалдардың алдын алу, құқық бұзушылықтарға жол бермеу және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне баса назар аударды.
Мұндай профилактикалық шаралардың негізгі мақсаты – отбасындағы қауіпсіздікті нығайту, құқық бұзушылықтардың қайталануына жол бермеу және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.
