Арыста балалар күніне орай мерекелік шара өтті

Арыс қаласындағы Т.Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ерекше мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Бұл қуанышты күн «AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында өтті.

Іс-шараға «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Қалыйма Жантөреева және Арыс қалалық филиал төрағасы Бақтығали Ділдәбеков арнайы қатысып, балаларды мерекемен құттықтады.

Мерекелік кеште тәрбиеленушілердің концерттік бағдарламасы ұсынылып, қатысушылардың ыстық ықыласына бөленді.
🔹 Қалыйма Жантөреева балаларға:
«Бүгінгі ұрпақ – ертеңгі ел тірегі. Мемлекет пен партия тарапынан сіздердің болашақтарыңыз үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Алдағы уақытта да оқуда озат, өмірде озық болыңыздар!» – деп ақ тілегін арнады.

Сонымен қатар:  Мектеп бітірушілерге бітіру кешіне арналған сәнді көйлек пен костюмдер табысталды.Барлық балаларға арнайы сыйлықтар ұсынылды.Қонақтар балалардың қолөнер бұйымдары мен шығармашылық жұмыстарын тамашалап, алғыстарын білдірді.

Қазіргі таңда балалар ауылында 7 отбасы, 61 бала тәрбиеленуде. Бұл мекеме – балалар үшін тек баспана емес, мейірім мен махаббатқа толы отбасы ортасы.

Мұндай игі бастамалар балалардың болашаққа деген сенімін арттырып, қамқор қоғам қалыптастыруға үлес қосары сөзсіз.

Ұқсас жаңалықтар

Арыс ауданындағы Монтайтас ауылында тұрғын үй моншасынан өрт шықты

berdaly_oraz

Қазақстандықтар вирустық гепатитке скринингтен өтеді

berdaly_oraz

Экологтар биылғы жаздан қауіптеніп отыр

Пікір жазу