АРЫСТА ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ЖАРЫСЫНЫҢ 10 ЖЫЛДЫҒЫ ӨТТІ

Арыс қаласында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай дәстүрлі «Сіз заңды білесіз бе?» атты танымдық сайыс ұйымдастырылды.

Бұл құқықтық жоба Арыс қаласында тұрақты түрде өткізіліп келеді және биыл мерейлі оныншы мәртеге жетті. Шараға қала әкімі Қайсар Маңқараев, Арыс ауданының прокуроры Алмас Арыстанбеков, аудандық сот төрағасы Сапархан Омаров қатысып, құттықтау лебіздерін білдірді.

Байқау барысында бірқатар қызметкерлер аудандық сот төрағасының қолынан марапаттарға ие болды. Кейін қатысушылар үш кезең бойынша білімдерін сынға салып, құқықтық сауаттылықтарын паш етті.

Жалпы додаға 5 қатысушы қатысып, заң саласына қатысты сұрақтарға жауап берді. Қатысушылардың дайындық деңгейі жоғары болғаны байқалды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы алғыс хаттар мен сый-сияпаттар табысталды.

Айта кетейік, бұл бастама – Арыс аудандық соты мен қалалық Мәдениет үйінің бірлескен жобасы. Ерекшелігі – мұндай тұрақты құқықтық-танымдық сайыс облыс көлемінде тек Арыс қаласында ғана өткізіліп келеді.

Оныншы рет ұйымдастырылған бұл игі шара халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға үлес қоса бермек.

Ұқсас жаңалықтар

Сарышаяннан зардап шеккен балаға полиция жол ашып берді

Redaktor Arysinfo

ҚАЗЫҒҰРТТА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ СЕНБІЛІК: «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ ӨТТІ

berdaly_oraz

АРЫС: БІР СЫНЫПТА ОҚЫҒАН ТӨРТ ДОС ӘСКЕРГЕ БІРГЕ АТТАНДЫ

berdaly_oraz