Арыста тазалық талаптарын бұзған 346 азаматқа шара қолданылды

Арыс қаласында елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған бақылау жұмыстары күшейтілді. «Таза Қазақстан» бағдарламасы мен «Заң және тәртіп» қағидаты аясында арнайы жұмысшы топ қала аумағында және ауылдық округтерде рейдтер өткізуде.

Тексеру кезінде мамандар тұрғындарға абаттандыру талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, анықталған құқықбұзушылықтарға қатысты заң аясында шара қабылдап жатыр.

Қала әкімдігінің мәліметінше, қыркүйек айының алғашқы күндерінен бері тазалық талаптарын бұзған 13 азаматқа әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылған. Ал жыл басынан бері осындай талаптарды орындамаған 346 азаматқа қатысты тиісті шаралар қабылданған.

Жауапты мамандар қоқыс пен тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген жерлерге тастауға болмайтынын еске салды. Тұрғындардан өз үйлері мен оларға іргелес аумақтардың тазалығына жауапкершілікпен қарау сұралды.

Қала аумағындағы рейдтік және профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАНДА АГРОСАЛА ЖАҢАРУДА: 223 ЖАҢА ТЕХНИКА САТЫП АЛЫНДЫ

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 29 ШАҒЫН ӨНДІРІСТІК ПАРК ҚҰРЫЛЫП, 114 ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Redaktor Arysinfo