АЛКОГОЛЬГЕ ЖОҚ ДЕҢІЗ: ТӘУЕЛДІЛІКТІҢ АЛДЫН АЛУ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ

Алкоголизмнің алдын алу – денсаулықты сақтау мен отбасылық амандықты нығайтудың маңызды шарты. Алкогольді тұрақты тұтыну тәуелділікке әкеліп, бауырдың, жүрек-қантамыр жүйесінің, мидың және басқа да ағзалардың қызметіне кері әсер етеді.

Алкогольге тәуелділіктің алдын алу үшін салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытты спортпен және пайдалы істермен өткізу маңызды. Күйзелісті алкогольсіз жолдармен еңсеріп, зиянды әдеттерге итермелейтін ортадан аулақ болған жөн.

Сонымен қатар отбасы мен жақындардың қолдауы ерекше рөл атқарады. Егер алкогольді тұтынуды бақылау қиындаса немесе тәуелділік белгілері байқалса, дәрігерге немесе психологқа дер кезінде жүгіну қажет.

Есіңізде болсын: алкогольден бас тарту – өз денсаулығыңызға, отбасыңызға және болашағыңызға жасалған маңызды қадам!

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ТАЛАБЫ КҮШЕЙДІ: 532 ЭКОІС-ШАРА, 187 ТОННА ҚОҚЫС ЖӘНЕ ЖҮЗДЕГЕН АЙЫППҰЛ

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАНДА 1 МАМЫР – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

berdaly_oraz

Түлкібас өңірінде заманауи сүт фермасы қарқынды дамуда

berdaly_oraz