Дербісектегі су дауы: ұңғымалар төңірегіндегі түйткіл талқыға түсті

Сарыағаш ауданында Дербісек ауылындағы су ұңғымалары мен ауыз суға қатысты өзекті мәселелер арнайы жиында қаралды. Кездесу Түркістан облыстық мәслихаты төрағасы Нұралы Әбішовтың төрағалығымен өтті.

Жиынға депутаттар, аудан және облыс әкімдігінің өкілдері, құқық қорғау органдары, салалық басқармалар мен «Рауан» ЖШС басшылығы қатысты. Күн тәртібінде кәсіпорынның өтініші негізінде бірқатар түйткілдер талқыланды.

Негізгі мәселе – Дербісек ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету, су ұңғымаларының нақты жағдайы, бюджет қаражатының игерілуі және жүргізілген тексерулер нәтижелері болды. Сонымен қатар, ауылдағы қоғамдық жиналыстар мен халықтың әлеуметтік наразылықтары да назарға алынды.

Тиісті департаменттер мен мекемелер өз бағыттары бойынша түсініктемелер беріп, атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Жиын қорытындысында тараптар ортақ шешімге келіп, аудан әкімдігіне тұрғындарды және кәсіпорынды қажетті көлемде сумен қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар қабылдау ұсынылды. Барлық ұсыныстар хаттамалық тәртіппен бекітіліп, жауапты органдарға жолданатын болды.

Ұқсас жаңалықтар

ХАЛЫҚ КЕҢЕСІ МҮШЕЛЕРІНІҢ ӨКІЛЕТТІК МЕРЗІМІ –4 ЖЫЛ БОЛЫП БЕЛГІЛЕНБЕК

Redaktor Arysinfo

Түркістан: жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қаралды

«НӘРЛЕН» 17 ЖЫЛ НАРЫҚТА

Redaktor Arysinfo