Мақтаарал мен Сарыағаш жолында түйткіл көп: депутаттар нақты шешім талап етті

Түркістан облысында Мақтаарал және Сарыағаш аудандарындағы инфрақұрылымдық жобаларға қатысты зерделеу жұмыстарының қорытындысы қаралды. Осыған орай өткен жиында уақытша депутаттық комиссия бірқатар өзекті мәселелерді көтерді.

Жиынға мәслихат депутаттары, аудан әкімдіктері, салалық басқармалар мен «ҚазАвтоЖол» өкілдері қатысты. Күн тәртібінде «Дарбаза – Мақтаарал» теміржол желісі мен Сарыағаш айналма жолы құрылысы талқыланды.

Депутаттар теміржол жобасында көзделген аспалы көпірлер мен мал өткелдерін халыққа ыңғайлы ету мәселесін көтеріп, оны бірінші кезеңде жүзеге асыруды ұсынды.

Ал Сарыағаштағы айналма жолға қатысты негізгі мәселе – қала мен Көктерек кентіне шығатын көлік өткелдерінің жеткіліксіздігі. Бұл жағдай тұрғындар мен туристердің қозғалысына қиындық туғызып отыр.

Жиын қорытындысында депутаттар жауапты мекемелерге нақты ұсыныстар беріп, техникалық-экономикалық негіздемені қайта қарау және жобаларға қажетті өткелдерді енгізу қажеттігін тапсырды.

Қабылданған ұсыныстар хаттамалық тәртіппен тиісті органдарға жолданатын болады.

Ұқсас жаңалықтар

Арыста синтетикалық есірткі өндірген ағайындылар ұсталды

Альфия Адамбек

ТҮРКІСТАНДА ЕРЕКШЕ ЖАНДАРДЫ ҚОЛДАУҒА АРНАЛҒАН АРНАЙЫ КЕҢЕС ҚҰРЫЛМАҚ

Redaktor Arysinfo

АҚБИІКТЕ ФОРЕЛЬ ӨСІРУ ЖОБАЛАРЫ ҚАРҚЫН АЛУДА

berdaly_oraz