Дермене ауылында цифрлық сауаттылықты арттыруға арналған семинар өтті

Дермене ауылында ауыл тұрғындарының цифрлық білімін арттыру мақсатында арнайы оқыту шарасы ұйымдастырылды.

Іс-шара Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалы және Арыс қаласы әкімдігінің бірлесуімен өтті.

Семинар барысында тұрғындарға электронды қызметтерді пайдалану, eGov.kz порталы арқылы қызмет алу, интернет қауіпсіздігі және цифрлық қолтаңбаны қолдану жолдары түсіндірілді.

Мамандар нақты мысалдар арқылы қызмет алудың тиімді тәсілдерін көрсетіп, әр қатысушының сұрағына жауап берді. Сондай-ақ киберқауіпсіздік пен интернет-алаяқтықтан сақтану мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Мұндай шаралар ауыл тұрғындарының цифрлық дағдыларын дамытып, мемлекеттік қызметтерді қолжетімді әрі жедел алуға мүмкіндік береді.

Ұқсас жаңалықтар

«НЕ ҮШІН?»: СЕРГЕЙ ЛАВРОВТЫҢ АСТАНАҒА САПАРЫ – ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ КЕЗЕҢДІК КЕЗДЕСУ

Түркістан қаласы ерекше мәртебеге сай дамиды

berdaly_oraz

Тоқаев Қатардың бұрынғы Әмірінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Redaktor Arysinfo