Түркістан: Отырарда суару маусымына дайындық қарқынды жүріп жатыр

Отырар ауданында ауыл шаруашылығын тұрақты дамыту мақсатында суару маусымына дайындық жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлының тапсырмасымен каналдарды тазалау және ирригациялық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары күшейтілген. Қазсушар мекемесімен бірлесіп, жалпы ұзындығы 62,7 шақырымды құрайтын 18 канал тазартылып жатыр. Қазіргі таңда жұмыстардың 57 пайызы орындалған.

Сонымен қатар, су үнемдеуді арттыру үшін каналдарды бетондау жұмыстары қолға алынған. Атап айтқанда, «Ақарық» каналы толық жаңартылып, «Серібек» каналы бойынша жұмыстар жалғасуда. Ал «Алтынбеков» каналы жақын уақытта жаңғыртылады.

Жүргізіліп жатқан шаралар егістік алқаптарын уақытылы сумен қамтамасыз етіп, өнімділікті арттыруға бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

АРЫС: ЖАҚЫН ЖЫЛДАРЫ ЖАҢА 165 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

Redaktor Arysinfo

«Ұлтым – белорус, жаным – қазақ»: Қазақшаға судай Ұлттық ұлан сарбазы көпшілікті тәнті етті

Redaktor Arysinfo

САРЫАҒАШ ӨНЕРПАЗДАРЫ «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ» ФЕСТИВАЛІНДЕ ӨНЕР КӨРСЕТТІ

berdaly_oraz