Елорда күні Қазақстанда 448 сәби дүниеге келіп, жүздеген отбасы үшін мереке еселенген қуанышқа ұласты. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 6 шілдеде өмірге келген нәрестелердің 223-і ұл, 225-і қыз болса, мереке күні Астанада екі егіз сәби дүниеге келген.
Өңірлер арасында ең көп сәби Түркістан облысында тіркелді – 67 нәресте. Алматы қаласында 44, ал Шымкент қаласы мен Алматы облысында 40 сәбиден өмір есігін ашқан. Дәрігерлер ана мен балаға тәулік бойы қауіпсіз әрі сапалы медициналық көмек көрсетілгенін атап өтті.
Айтулы мерекеде дүниеге келген әрбір сәби – елдің жарқын болашағының символы. Бұл күн жүздеген отбасының жадында ерекше қуаныш пен бақытқа толы тарихи сәт ретінде сақталары сөзсіз.
