«ЕРКЕМ-АЙ» – АУЫЛДАН ӘЛЕМ САХНАСЫНА БЕТ АЛҒАН БИШІЛЕР

Монтайтас ауылдық клубының жанынан құрылған би үйірмесі 2022 жылдың қыркүйек айында «Еркем-ай» би тобы болып ашылды. Қысқа уақыт ішінде өнерлі өрендер түрлі деңгейдегі байқауларға қатысып, жүлделі орындардан көрініп келеді.

2023 жылы «Еркем-ай» би тобы Шымкент қаласында өткен «Дарынды жұлдыздар – 2023» байқауына қатысып, І орын иеленді. Осы жетістіктің нәтижесінде Алматы қаласында өтетін республикалық «Дарынды жұлдыздар» байқауына жолдама алды.

Алматы қаласында өткен «Дарынды жұлдыздар – 2024» республикалық байқауында «Еркем-ай» би тобы жоғары шеберлік танытып, Бас жүлдеге ие болды. Осылайша, өнерпаздар Ташкент қаласында өтетін халықаралық балалар фестиваліне жолдама алды.

Ташкент қаласында ұйымдастырылған «Дарынды жұлдыздар – 2024» халықаралық байқауында түркістандық бишілер тағы да топ жарып, ГРАН-ПРИ жүлдесін жеңіп алды. Бұл жеңіс топтың халықаралық деңгейдегі жетістігін айшықтап, Түркияның Ыстамбұл қаласында өтетін «Дарынды жұлдыздар» халықаралық балалар фестиваліне жолдама алуға мүмкіндік берді.

«Еркем-ай» би тобы байқаулармен қатар ауылдың қоғамдық-мәдени өміріне де белсенді атсалысып келеді. Топ мүшелері Арыс ауданында өткен Тіл мерекесіне арналған іс-шарада, 25 қазан – Республика күніне арналған мерекелік шарада өнер көрсетті. Сондай-ақ Түркістан қаласында өткен «Өнерлі өлке» фестиваліне қатысып, өз өнерлерін көпшілікке ұсынды. Мәдениет қызметкерлері күніне арналған концерттік бағдарламада да биші қыздар өнер көрсетіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Бүгінде «Еркем-ай» би тобы – Монтайтас ауылдық клубының өнерлі жастарын біріктіріп отырған шығармашылық ұжым. Топтың жетістіктері ауылдағы балалардың өнерге деген қызығушылығын арттырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға үлкен мүмкіндік беріп отыр.

Монтайтас ауылдық клубының меңгерушісі С. Қошқаров

Ұқсас жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

berdaly_oraz

Арыс қаласында салықтық түсімдерді арттыру мәселесі талқыланды

berdaly_oraz

Төлебилік кәсіпкер тоғандарда 80 тоннаға жуық балық шабақтарын өсіруде