VI ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНДА ТҮРКІСТАНДЫҚТАР АУДАРЫСПАҚТАН ҮШ АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы аударыспақтан жоғары нәтиже көрсетіп, Түркістан облысының үш спортшысы да өз салмақ дәрежесінде чемпион атанды.

70 келіге дейінгі салмақта Сайлау Мұхамеджан барлық қарсыласынан басым түсіп, алтын медаль иеленді. Ал 90 келіге дейінгі салмақта Дарын Өткелбай тартысты бәсекеде үздік шығып, жарыс чемпионы атанды. 100 келіге дейінгі салмақта Сырым Ізбасаров қарсыластарын жеңіп, Қазақстан қоржынына кезекті алтын жүлдені салды.

Осылайша, Түркістан облысының атынан аударыспақтан сынға түскен үш спортшының үшеуі де алтын медаль жеңіп алды.

Өңір спортшыларына байрақты бәсекеде қолдау көрсету мақсатында Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров Көшпенділер ойындарына арнайы барып, спортшыларға қолдау білдіруде.

Жеңімпаздардың барлығы Жаныс Саев жетекшілік ететін Түркістан облысының ұлттық спорт түрлері мектебінің шәкірттері.

Аударыспақ – ат үстінде күш, ептілік, шапшаңдық пен батылдықты талап ететін қазақ халқының дәстүрлі ұлттық спорт түрі. Бүгінде елімізде 11,5 мыңнан астам адам аударыспақпен тұрақты түрде айналысады.

Айта кетейік, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Түркістан облысынан 21 спортшы Қазақстан ұлттық құрамасы сапында ел намысын қорғап жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ТАРИХЫН ТАНЫТАТЫН ИНСТАЛЛЯЦИЯЛАРДЫҢ ТҮНГІ КӨРІНІСІ КӨПШІЛІК НАЗАРЫН АУДАРУДА

berdaly_oraz

Түркістан облысында 1000-ға жуық тамақтану орны санитарлық тексеруден өтті

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНДА СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ

Redaktor Arysinfo