Құрметті Арыс қаласының тұрғындары және Арыс топтастырылған су жүйесінің ауызсу тұтынушылары!
«Қазсушар» РМК Оңтүстікауызсу филиалы Арыс топтастырылған су жүйесінің әкімшілігі төмендегіні хабарлайды.
Арыс қаласындағы Ескі су қоймасында орналасқан көлемі 5000 м³ болатын 2 ашық резервуарды санитариялық талаптарға сәйкес жуу және тазалау жұмыстары 2026 жылғы 3–4 тамыз күндері жүргізіледі.
Осыған байланысты аталған жұмыстар жүргізілетін кезеңде Ескі су айдау қоймасынан су алатын тұтынушыларға және Арыс қаласына ауызсу беру уақытша тоқтатылады.
Сол себепті ауызсу тұтынушыларынан қажетті мөлшерде ауызсу қорын алдын ала дайындап алуды сұраймыз.
Уақытша қолайсыздықтар үшін алдын ала кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.
Арыс топтастырылған су жүйесінің өндірістік бөлімшесінің әкімшілігі
Байланыс телефоны: 2-18-04
