Қазақстанда оқушылардың жалған террорлық хабарламалар тарату деректері тіркелді

дереккөз фото: Jas Alash

Алматы облысы аумағында 9-сыныпта оқитын екі оқушы ұсталды. Тергеу мәліметінше, олар әртүрлі нысандарға «жарылғыш зат қойылды» деген мазмұнда 14 рет жалған террорлық хабарлама таратқан.

Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы бойынша тағы бір 9-сынып оқушысы әлеуметтік желідегі келіспеушіліктен кейін өзге қолданушылар атынан жалған хаттар жолдаған. Ол Шымкент қаласы әкімдігі мен Ақтау қаласындағы бір сауда үйінің электрондық поштасына «бомба қойылды» деген мазмұндағы хабарламалар жіберген.

Құқық қорғау органдары мұндай әрекеттер заң бойынша ауыр қылмыс ретінде қарастырылатынын ескертті. Жалған терроризм туралы хабарлама тарату үшін қылмыстық жауапкершілік көзделіп, бас бостандығынан айыру жазасына дейін қолданылуы мүмкін.

Мамандар ата-аналар мен оқушыларды интернет қауіпсіздігіне мұқият болуға және мұндай әрекеттердің салдары ауыр болатынын ескертеді.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЕЛ БІРЛІГІ МЕН РУХАНИ МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУҒА ЕЛЕУЛІ ҮЛЕС ҚОСҚАН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ

Redaktor Arysinfo

АЗИЯ ТӨРІНДЕ АЙБЫНДАҒАН АРЫСТАР: ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖҮЛДЕГЕРЛЕР ТУҒАН ЖЕРГЕ ОРАЛДЫ

Redaktor Arysinfo

ТҮТІНСІЗ ЖЫЛЫЖАЙ: ТҮРКІСТАНДА ЭКОЛОГИЯ МЕН ТАБЫС ТЕПЕ-ТЕҢДІГІ ІЗДЕЛУДЕ

Redaktor Arysinfo